Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Мотоцикл жүргізушісі патруль көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 тамызда таңғы сағат 07:30 шамасында Алматы – Екатеринбург автожолында, Қарағандыдан Балқаш бағытына қарай бір шақырым жерде болған.
"Жол апаты салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды", – деді Қарағанды облысы ПД басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, мотоцикл мен патруль көлігі Алматы бағытында бір бағытта келе жатқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың жұбайы да жол апатына түскен болатын. Бұл оқиға 27 шілдеде сағат 08:50-де республикалық маңыздағы Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында тіркелген. Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі – Қарағанды облысы жағынан Алматыға қарай бет алған әйел адам – көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!