03 қараша 2024 | 16:27

Қарағанды ​​облысында құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қарағанды ​​облысында "Qaragandy Power Silicon" зауытында жұмысшы қаза тапты. Оқиға 3 қазанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында "Qaragandy Power Silicon" зауытында жұмысшы қаза тапты. Оқиға 3 қазанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.

"Салынып жатқан "Qaragandy Power Silicon" зауытында қосалқы мердігер компанияның қызметкері биіктен құлап кетті, бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілдері.

Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

"Бірқатар қажет сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді полиция.

Бұған дейін Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт опырылып, бір жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі жараланған еді. Жәбірленуші ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 489.15   533.04   4.98 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети