Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады.
Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.
Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!