Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы 13 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Нақтыланған мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, он бір зардап шеккен медициналық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті 300 шаршы метр аумақта толық сөндіргені айтылды.

Қазір олар шамамен 200 шаршы метр аумақта құлаған шатырдың қирандыларын ашып, зақымданған конструкцияларды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Газ баллонының жарылуының алдын ала себебі - газбен жабдықтау жүйелерін, соның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", - деп атап өтті министрлік.

Еске сала кетейік, жұмада кешке бір қабатты кафе ғимаратында газ баллоны жарылып, содан кейін өрт шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети