"Қарағанды" шахтасындағы өрт әлі сөнбеген: қазіргі ахуал қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қарағанды" шахтасындағы өрт әлі сөнбеген: қазіргі ахуал қандай? Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:23-те соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:23-те соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушылары Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жағдайды бақылауда ұстап отыр.

"Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамаларын тыңдады, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупін атады. Осыған байланысты министр іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, 20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети