Қарағандыда автобус жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қарағандыда автобус жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда автобус жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді.

Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

"Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Жолда абай болып, өзіңіздің және өзгелердің өмірін өмірлеріңізді сақтаңыздар", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro