Қарағандыда ер адамды аурухана сыртына шығарып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ер адамды аурухана сыртына шығарып тастаған Видео кадры

Қарағанды тұрғындары науқасты аурухананың сыртына лақтырып тастағанына шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды тұрғындары науқасты аурухананың сыртына лақтырып тастағанына шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Қарағандылықтар Ерубаев көшесіндегі аурухана жанында ер адамды өзге біреулер лақтырып тастап кеткенін айтты.

"Ауруханада жігіттер бір адамды сыртқа алып шығып, лақтырып тастады - ал оның баратын жері жоқ", - дейді куәгерлер.

Ер адамның аты-жөні белгісіз: тұрғындар оның есімін сұраған кезде ер адам жауап бермеген. Оқиға облыстық клиникалық аурухана маңында болған. Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берді.

Басқарма "Облыстық клиникалық аурухана" науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі тексеріс жүргізгенін түсіндірді. Талдау нәтижесінде ер адамның мас күйінде болғаны, құжаттары жоқ және нақты тұратын жері анықталмаған. Ауруханаға жатқызу белгілері болмаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети