Қарағандыда пәтер ұрлығы бойынша күдікке ілінген топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда пәтер ұрлығы бойынша күдікке ілінген топ ұсталды Видео кадры

Қарағандыда пәтер ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Арнайы операцияны криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда пәтер ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Арнайы операцияны криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арнайы операцияның видеосын өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Кадрлардан ер адамдар алдымен ауланы аралап, кіреберістерді қарап, пәтерлерді мұқият бақылағаны көрінеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар осылайша ұрлық жасайтын нысандарын таңдаған. Кейін күдіктілер терезе торларын сырып, пәтерлерге терезе арқылы кірген.

Бейнежазбада ұстау сәті де көрсетілген. "Арлан" жасағы күдіктілер тұрған пәтерге шабуыл жасап кірген. Кадрларда тәркіленген алтын әшекейлер мен өзге де құнды заттар көрінеді.

"Нысаналы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен пәтер ұрлығына маманданған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Аса ірі мөлшердегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу дерегінше, пәтерлердің бірінен гауһар тасы бар шамамен 40 зергерлік бұйым, күзен тон және ноутбук ұрланған. Алдын ала келтірілген шығын 20 миллион теңгеден асқан.

Полиция ұсталғандардың өңір аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қарағандыда полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдіктіні ұстады, ол ұрланған сейфпен қашып кетпек болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сейфтің ішінде шамамен 10 миллион теңгеге жуық ақша мен құнды заттар болған. Сейф тәркіленіп, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети