Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2025 жылғы 27 шілде, жексенбіде таңертең Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы 27 шілде, жексенбіде таңертең Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Орталықтың мәліметінше, Каспий теңізіндегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 болды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 05:46-да (Астана уақытымен 07:46-да) тіркелген. Сілкініс 68 шақырым тереңдікте, Гала станциясынан 76 шақырым солтүстік-шығыста болған.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда, Қазақстан шекарасына жақын маңда да жер сілкінісі тіркелген еді. Ол кезде зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан 38 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети