Каспий теңізінің бетінде алып “қара дақ“ анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінің бетінде алып “қара дақ“ анықталды t.me/twrussia

Каспий теңізінде аумағы 82 шаршы шақырымдық дақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Прозрачный мир" жобасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінде аумағы 82 шаршы шақырымдық дақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Прозрачный мир" жобасына сілтеме жасап.

Экологтардың мәліметінше, дақ 16 тамызда таңертең Sentinel-1A спутнигінің суреттерінен байқалған. Ластану Құрық порты – Баку бағытындағы кеме жолының бойымен созылып, Қазақстан мен Әзербайжан аумағын қамтыған. Алдын ала болжам бойынша, бұл - май немесе балық аулаудан қалған қалдықтар болуы мүмкін.

Экологтардың пікірі

"Мұндай көлемдегі дақ қорқынышты жағдай: бұл жай ғана кездейсоқ "лас дақ" емес, Каспий картасында тұтас қара дақ пайда болды. Егер мұндай жағдай қайталанса, салдары қиын болады", - дейді мамандар.

Бұған дейін экологтар мамырдан маусымға дейін спутниктер Каспийде шамамен 40 мұнай дағын тіркегенін мәлімдеген. Ал Экология министрлігі кейде спутниктік суреттерде қателік болып, белсенділер мұнай дағын бұлт көлеңкесімен шатастыруы мүмкін екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети