Каспий теңізінің таяздану себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінің таяздану себебі аталды Фото:depositphotos.com

Каспий теңізінің таяздануы – климаттың өзгеруінің салдары, бұл құбылыс Волга өзеніндегі су ағысын реттеумен байланысты емес. Бұл мәселені шешу үшін теңізбен шектесетін бес елдің бірлескен әрекеті қажет. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ресейдің су ресурстары агенттігінің (Росводресурсы) басшысы Дмитрий Кириллов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Каспий теңізінің таяздануын Волга мен су қоймаларын реттеумен байланыстыру – ең жеңіл түсіндіру жолы. Бірақ бұл шындыққа онша сәйкес келмейді немесе мүлдем олай емес. Бұл жағдайға көптеген факторлар әсер етеді – жауын-шашын мөлшері, климаттың өзгеруі, температураның көтерілуі және соның салдарынан теңіз бетінің булануының артуы", – деді су ресурстары жөніндегі ресейлік сарапшы.

Оның айтуынша, Каспий теңізінің таяздануы мәселесін шешу үшін жағалауда орналасқан мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет.

"Бейімделу шаралары жан-жақты. Бұл жағалау аймақтарына да, шөлейттену мәселесіне де, су ресурстарын тұрақты басқаруға да қатысты", – деді Росводресурстар басшысы.

Кирилловтың айтуынша, ағын суларды тұрақты реттеу тек Волга өзенімен шектелмеуі тиіс, өйткені Каспий теңізіне бес елдің аумағымен өтетін 30-ға жуық өзен құяды.

Каспий теңізі бес мемлекеттің – Әзербайжан, Иран, Түрікменстан, Қазақстан және Ресейдің – жағалауын шайып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети