Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге қарсы шабуылдан бас тарту туралы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді. Мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге қарсы шабуылдан бас тарту туралы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді. Мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.

Мән-жайы

Ирандық БАҚ ел президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін жариялады. Онда ол Иран көрші елдердің аумағынан соққы жасалмаса, оларға шабуыл жасамайтынын айтты.

Пезешкианның сөзінше, мұндай шешімді Иранның уақытша басқарушы кеңесі қабылдаған. Сондай-ақ, ол "дұшпанның Иранды тізе бүктіреміз деген арманы ешқашан орындалмайды" деп қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети