Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды Фото: Facebook / Берік Уәли

Қазақстан Президенті Татарстан астанасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Татарстан астанасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алған.

"Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан "КамАЗ" және "Танеко" сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Реклама
Реклама

Фото: Facebook / Берік Уәли

Еске салайық, бұған дейін Мәскеуге жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізгенін жазған едік.

жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама