“Қайрат-Реал“ матчіне билеттер сатылымы қашан басталады - министр жауабы

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қайрат-Реал“ матчіне билеттер сатылымы қашан басталады - министр жауабы "Қайрат" ФК

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін "Қайрат-Реал" матчына билеттер "Қайраттың" ресми сайтына сатылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін "Қайрат-Реал" матчына билеттер "Қайраттың" ресми сайтына сатылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Билет бағасы бүгінгі таңда белгісіз. Клуб мен УЕФА тарапымен келісіп, оның бағасы, сатылатын жері қосымша хабарланады. Осы сәтті пайдаланып, билет сатып алатын жерлер мен билет құнын байқау керек. Себебі көптеген алдайтын платформалар көп, халық алданып қалмауы тиіс. Біз ресми түрде билеттерді қай жерде, қай уақыттан бастап сатылатынын жариялайтын боламыз", - деді министр.

Министрдің мәліметінше, матчқа шетелден келетін турист саны шектеулі.

"УЕФА-ның арнайы стандарттары бар, яғни, кез келген адам келе бермейді. Берілген квота төрт мың адамға жуық деп жатыр, бұл сан әлі нақтыланады", - деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ, министр "Алматы стадионы УЕФА талаптарына сай емес" деген сыни пікірге де жауап берді.

"УЕФА талаптарына сай келмесе, ол жерде үлкен іс шара өтпейтін еді. Стадион УЕФА-ның төртінші категориялы стандарттарына ие және алаңымыз толық дайын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Еске салайық, 2025 жылы "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. "Қайрат - Реал-Мадрид" арасындағы ойын 30 қыркүйек Алматы стадионында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети