Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Александр Заруцкий "Ақтөбемен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қақпашының келісімі 2027 жылғы желтоқсанға дейін күшінде болады.
32 жастағы футболшының "қызыл-ақтармен" келісімі екі жылға жасалған. Бұған дейін "Елімай" да қолға алған Заруцкийді өз сапына алғысы келген.
Заруцкийдің "Қайраттағы" мансабы
Александр Заруцкий "Қайратқа" 2025 жылғы 10 қаңтарда "Астанадан" еркін агент ретінде ауысып, келісімшартты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған. Алматылықтардың құрамында қақпашы Премьер-лиганың және ел Суперкубогының жеңімпазы атанып, командаға Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті.
Оның еншісінде 24 матч бар: 18 гол жіберіп алған, 9 рет қақпасын түк гол жібермей сақтаған. Чемпиондар лигасына келсек, Александр іріктеу раундтарының барлығын өткізген, алайда "Селтикке" қарсы алғашқы ойында жарақат алып қалды. Оның орнына қақпаға Темірлан Анарбеков шықты және бұл оның мансабына ерекше әсер еткен сәт болды.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жағдайы
Қазір алматылық "Қайрат" турнир кестесінде испаниялық "Вильярреалмен" бірге 36-орында тұр. Қазақстан клубының қоржынында кипрлік "Пафоспен" болған тең ойын үшін бар болғаны 1 ұпай бар (0:0).
Қалған 5 матчта "Қайрат" мына қарсыластардан жеңілді:
- португалиялық "Спортингке" (4:1),
- мадридтік "Реалға" (0:5),
- миландық "Интерге" (2:1),
- даниялық "Копенгагенге" (3:2),
- грек "Олимпиакосына" (0:1).
Алда алматылық клубты бельгиялық "Брюггеге" қарсы матч (20 қаңтар) және лондондық "Арсеналға" қарсы ойын ( 28-інен 29 қаңтарға қараған түн ) күтіп тұр.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында матч сайынғы сейвтердің орташа саны бойынша ең үздік болғаны хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!