Қайтарылған активтер: 9,6 миллиардтың тағдыры белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтарылған активтер: 9,6 миллиардтың тағдыры белгілі болды Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді.

"Қазір Qyzyljar АЭА-ға 20-дан аса қатысушы тіркелген, олардың жалпы жарияланған инвестициясының көлемі 317,1 млрд теңге, бұл 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды", - делінген хабарламада.

Бөлінген қаражат есебінен жаңа инфрақұрылым мен инженерлік коммуникациялар салу экономиканың келешегі зор салаларында, мысалы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, АӨК сияқты және басқа да салаларда тағы 16 инвестициялық жобаны іске қосуды жеделдетеді. Инвестициялардың жиынтық көлемі 279 млрд теңгені құрайды, 3 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып жатыр.

Қазір АЭА аумағында сумен жабдықтау және жауын суын бұруға арналған кәріз жұмыстары аяқталды. №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Бұл ретте жылу желілерін тарту, жолдар, дренаж жүйесі, байланыс желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңа өндіріс орындарын іске қосу Солтүстік Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети