Қазақ сахнасының абызы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ сахнасының абызы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті Видео кадры

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден озды. Қайғылы қазаға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, халқына қайғыра көңіл айтты. Ол – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді.

Марқұм Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети