Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды Фото:depositphotos.com

Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген Президент Қазақстан үшін су саласындағы автоматтандыру мен цифрландыру бағытында Жапонияның тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.

"Су үнемдеудің озық технологияларын алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Жерді қашықтан зондтау секілді аса маңызды шаралар қамтылатын Бірлескен су шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге болар еді.

Қазақстан БҰҰ аясында жаңадан UN Water халықаралық ұйымын құруды ұсынды. Бұл су проблематикасымен айналысатын басқа да құрылымдардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев жапониялық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлер мен сарапшыларды келесі жылы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети