Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең түсті Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі топ көшбасшысы Бельгия құрамасымен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі топ көшбасшысы Бельгия құрамасымен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуі аясында "Астана Аренада" Бельгия құрамасымен кездесті.

Ойынның басы-ақ қарқынды басталды. 9-минутта Дастан Сәтбаев Бельгия қақпасының жақын бұрышын дәл көздеп, қақпашыны қапы қалдырды. Артынша Ғалымжан Кенжебек сол қапталдан Бельгия қорғаушыларынан сытылып өтіп, қақпаның алыс бұрышына допты шиыра тепті. Алайда қарсылас қақпашысы допты қағып алды.

Екінші тайм бастала салысымен бельгиялықтар теңестіруге мүмкіндік тапты. Ойынның 48-минутында Ханс Ванакен айып алаңындағы шабуылдың қорытынды нүктесін қойып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Матч аяқталуына 10 минут қалғанда Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Дегенмен таблодағы есеп өзгермей, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан – Бельгия – 1:1

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети