Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты.
Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.
Израиль президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Тоқаев Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың “іргесін қалаушылардың бірін“ атады.
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!