Қазақстан мен Өзбекстан Парламентаралық кеңесінің жұмысы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ташкентте Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың Өзбекстанға ресми сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентте Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың Өзбекстанға ресми сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы шешім Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2021 жылғы желтоқсандағы Астанаға мемлекеттік сапары барысында қабылданған еді. Бұл–екі ел парламенттері арасындағы өзара ықпалдастықтың жаңа форматы.

– Біздің президенттеріміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің жеке келісімдерінің арқасында екі елдің ынтымақтастығы одақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл–Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі. Ал мемлекет басшылары барлық келісімнің жоғары деңгейде уақтылы әрі дұрыс орындалуына парламенттік бақылау жасауды Парламентаралық ынтымақтастық кеңесіне жүктеді, – деді Мәжіліс спикері.

Екі ел депутаттары сауда-экономикалық, көлік, аграрлық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты және су дипломатиясы мәселелерін талқылады.

Маңызды мәселенің бірі – Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және тиімді пайдалану туралы үкіметаралық келісімді келісу рәсімін және Орталық Азия елдерінің халықаралық су-энергетика консорциумын құру мүмкіндігін талқылау болды.

Кездесу қорытындысы бойынша делегация басшылары парламентаралық ынтымақтастық кеңесі туралы ережеге қол қойды. Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі жылына кемінде бір рет тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Сапар аясында Мәжіліс төрағасы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындылары туралы айтты. Сондай-ақ Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған үндеуіне ерекше назар аударды. Онда мемлекеттің жүріп өткен жолына объективті де тарихи баға берілді.

– Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңін өткеруде. Оның діңгегі–заң және құқық үстемдігі. Президентіміз ұстанып отырған басты басымдық – ішкі саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтау. Біз сындарлы сыртқы саясатқа баса мән береміз. Онда Өзбекстанмен одақтастық қатынастарға ерекше көңіл бөлінуде, – деді Мәжіліс спикері.

Сондай-ақ Өзбекстан Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен және Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоиловпен кездесулер өтті. Тараптар комитеттердегі, достық топтарындағы және басқа да алаңдардағы парламентаралық қатынастардың келешегін талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro