Қазақстан өңірлеріндегі 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамы қандай?

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өңірлеріндегі 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамы қандай? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 5–7 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5–7 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана бойынша ауа райы болжамы:

5 тамыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +22...+24°C.

6 тамыз: Құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.
7 тамыз: Құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

Алматы бойынша ауа райы болжамы:

5 тамыз: Құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3–8 м/с, кейде екпіні 18–23 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
6 тамыз: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
7 тамыз: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Қазақстан бойынша 3 күнге арналған ауа райы:

5–7 тамыз аралығында еліміздің солтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Кей өңірлерде дауылды жел мен қатты жауын болуы ықтимал. Әсіресе, 6 тамызда Павлодар облысында, ал 7 тамызда солтүстік және орталық аймақтарда ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік өңірлерде ауа райы негізінен құрғақ, бірақ шаңды дауыл қаупі сақталады. Ауа температурасы түнде +5...+18°C, күндіз +18...+30°C аралығында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети