Қазақстан Президентінің резиденциясы оңалту орталығына айналады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің резиденциясы оңалту орталығына айналады 24.kz

Қостанайдағы Президент резиденциясы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығына айналдыру жұмысы аяқталып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы Президент резиденциясы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығына айналдыру жұмысы аяқталып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Нысан аумағындағы 7 корпус балалардың жатып, ем-дом қабылдауы үшін қайта жарақталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 352 миллион теңге бөлінді. Ал оңалту құрал-жабдықтарын алуға "Қазақстан халқына" қоры бір миллиард теңге берді.

Орталық алдағы күзде ашылады деп жоспарланып отыр. Оңалту мекемесінде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген 18 жасқа дейінгі балалар емделеді. 60 орындық орталық жылына 1200 адамды қабылдай алады.

"Бұл орталықтың бірегейлігі неде? Біріншіден, 20 гектарлық аумақ жасыл желекке оранған. Яғни бала ата-анасымен табиғат аясында демалып, күш-қуат жинайды. Екіншіден, қымбат, заманауи оңалту құрал-жабдықтары балалардың денсаулығын түзеуге игі септігін тигізеді деген ойдамыз", - деді облыстық Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети