Қазақстан сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйымды ұзартпақ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

2025 жылғы 14 мамырдан бастап Қазақстан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды экспорттауға уақытша тыйым енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жылғы 14 мамырдан бастап Қазақстан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды экспорттауға уақытша тыйым енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық жобасының түсіндірмесінде айтылған. Шектеу алты айға созылады және автомобиль мен теміржол көлігі арқылы тасымалдауға қатысты.

"Қазақстан Республикасы аумағынан сұйытылған мұнай газын (Код ТН ВЭД ЕАЭС 2711 12 970 0), пропанды (2711 12 940 0) және бутанды (2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген министрлік жобасында.


Еске салайық, 2024 жылдың қазан айының басында бұрынғы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығы туындағанын мойындаған болатын. Оның айтуынша, бұл жағдай егін жинау науқаны мен жауын-шашын салдарынан орын алып, диқандарға астықты кептіруге қосымша ресурстар қажет болған.

Алайда министр елде мұнай өнімдерінің ешбір түрі бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеген еді.

Соған қарамастан, бір жыл бұрын-ақ министр автокөлік иелеріне көліктерін газға ауыстыруды ұсынбаған, өйткені 2023 жылы сұйытылған мұнай газын тұтыну жоспарланған көлемнен асып кеткенін атап өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro