Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде көтерілді instagram.com/f.c.kairat

Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" ойнының нәтижесінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" ойнының нәтижесінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейінгі рейтингте Қазақстан УЕФА кестесінде 39-орында тұрған. Жаңартылған деректерге сәйкес, ел 34-орынға көтеріліп, Косово, Босния және Герцеговина, Финляндия, Латвия және Арменияны артта қалдырды.

УЕФА коэффициенттер кестесі:

Англия – 95.005.
Италия – 84.660.
Испания – 78.953.
Германия – 74.688.
Франция – 67.962.
Нидерланд – 61.866.
Португалия – 57.466.
Бельгия – 54.950.
Түркия – 43.600.
Чехия – 40.300.
...
Ирландия – 16.093.
Исландия – 15.520.
Молдова – 14.625.
Қазақстан – 13.500.
...
Грузия – 6.000.
Уэльс – 5.624.
Гибралтар – 5.457.
Сан-Марино – 2.831.

Коэффициент биыл маусымның орташа көрсеткіші (жиналған жалпы ұпай саны еуромаусымға қатысқан клубтар санына бөлінеді) мен алдыңғы төрт маусым нәтижелерінің қосындысы бойынша есептеледі. Егер коэффициенттер бірдей болса, рейтингте алдыңғы маусымда көбірек ұпай жинаған ассоциация жоғары тұрады.

Еске салайық, алматылық "Қайрат" "Селтик" клубын жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Сонымен қатар, беделді турнирге жолдама алғаннан кейін Алматы клубының қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети