"Dara" президенттік бастамалар қоры Қазақстанның Қытаймен бірлесе әйелдер кооперативтерін дамыту жөніндегі халықаралық кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Dara" президенттік бастамалар қоры Қазақстанның Қытаймен бірлесе әйелдер кооперативтерін дамыту жөніндегі халықаралық кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылғы 25 тамызда "Dara" президенттік бастамалар қоры Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы" ЗТБ-нің ұйымдастырған Қытай халық республикасы жалпыұлттық жабдықтау және маркетингтік кооперативтер Федерациясымен (ACF SMC) өткен халықаралық кездесуіне қатысты. Іс-шара Қазақстан экономикасын трансформациялау үшін әйелдер кооперативтік қозғалысының әлеуетін зерттеуге бағытталған. Кездесуде Қор қатысушылардың назарын креативті индустрияны ауыл шаруашылығына интеграциялау тақырыбына аударды. Бұл салалардың ынтымақтастығы жаңа нарықтарға, технологияларға және инвестицияларға қол жеткізуді қалай қамтамасыз ете алатынын көрсетіп, жаңа инновациялық өнімдерді жасауға ықпал етіні талқыланды.
Қазақстанның табысы мен өркендеуі әртүрлі экономикалық салаларды бейімдеу мен интеграциялау қабілетіне байланысты жаңа дәуірге қадам басты. Бұл ретте ауыл шаруашылығы азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізі көзі және ел экономикасының маңызды бөлігі бола отырып, заманауи дизайн, маркетинг және агротуризм сияқты креативті тәсілдер арқылы өсудің көкжиектерін кеңейтуде.
"Креативті индустриялар мен кооперативтік қозғалыс инновациялар мен тұрақты дамудың катализаторы бола алады. Қазақстан креативті кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де елеулі мүмкіндіктердің алдында тұр. Осы секторға жаңа инвестициялар елдің креативті индустрияларының әлеуетін ашуға және барлық мүдделі тараптардың халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға көмектеседі. Ауыл шаруашылығы мен креативті индустриялардың өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы өзгелер кедергі көретін жерде біздің табысты болашақты құра алатын мүмкіндіктер табу қабілетімізді айғақтайды. Біздің міндетіміз – барлық мүдделі тараптарды осы жобаларды сәтті іске асыру үшін жағдай жасауға тарта отырып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау", - деді Қытай делегациясының алдында сөз алған "Dara" президенттік бастамалар қорының президенті Әсел Шілдебаева.
Президенттік бастамалар қоры ұсынған сурет
Халықаралық кооперативтер жылы деп жарияланған 2025 жыл қарсаңында Қор елдің экономикалық және мәдени өсуі үшін креативті индустриялардың маңыздылығын атап өтіп, инклюзивті және тұрақты дамуға деген ұмтылысын растады.
Президенттік бастамалар қоры ұсынған сурет
"Қазақстандық әйелдердің бизнес қауымдастығы қоғамның барлық салаларын трансформациялау үшін қабілетті."Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен бүкіл әлемді тербетеді" дейтін сөзге сай, Қазақстанның әйелдері қоғамның барлық аспектілерін трансформациялау үшін қажетті дағдылар мен бастамаларға ие", - деп атап өтті Әсел Шілдебаева.
Қор шығармашылық индустриялар мен кооперативтік қозғалыстың интеграциясының болашағын өнер, дизайн, технология және қолөнер саласындағы стартаптарды ілгерілетудің кілті ретінде қарастырып отыр.
Президенттік бастамалар қоры ұсынған сурет
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!