Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдағы құттықтауында мәлімдеді.

"Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ", - деді ол.

Құттықтау сөзінде елді одан әрі жаңғырту бағыты, экономика мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік басымдықтарын сақтау жөніндегі негізгі ойлар айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course down  579.41  course down  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети