Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.
Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.
Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.
Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!