Қазақстанда SIM-карта рәсімдеудің жаңа тәртібі туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда SIM-карта рәсімдеудің жаңа тәртібі туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда SIM-картаны рәсімдеу енді биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл мобильді және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес үшін қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда SIM-картаны рәсімдеу енді биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл мобильді және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес үшін қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бизнес пен ұйымдар үшін биометриялық сәйкестендіру талабы қызметтік мақсатта SIM-карталар берілетін қызметкерлерге де қатысты болады. Цифрлық министрліктің мәлімдеуінше, биометриялық сәйкестендіру нөмірлерді аноним пайдалануды жоққа шығарып, оларды қолдануға жауапкершілікті арттырады.

"Міндетті биометрияны енгізу дилерлер мен делдалдар арқылы SIM-карталарды заңсыз сату мәселесін де шешеді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметтері абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана көрсетіледі", – деп хабарлады ведомство.

Анықтама: Биометрия – адамның бірегей биологиялық немесе мінез-құлықтық ерекшеліктері (саусақ ізі, көздің нұрлы қабығының өрнегі, бет пішіні, алақан геометриясы, ДНҚ, тамыр суреті және басқа да белгілер) арқылы тану және сәйкестендіру технологиясы. Биометрия аутентификацияның ең сенімді тәсілдерінің бірі саналады, өйткені мұндай белгілерді қолдан жасау немесе ұрлау қиын (құпиясөз немесе картаға қарағанда).

Министрлік бір адамға абоненттік нөмірлерді рәсімдеудің бекітілген тәртібін еске салды.

"Жеке және отбасылық пайдалануға дейін он SIM-картаға дейін тіркеу қарастырылған. Одан көп мөлшерде рәсімдеу негізделген қажеттілік болған жағдайда және SIM-карталар қолданылатын құрылғыларды көрсете отырып мүмкін болады. Мұндай тәсіл алаяқтық схемаларға тән нөмірлерді жаппай тіркеу тәуекелдерін төмендетеді", – деп қосты Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.63  course down  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети