Қазақстанда балық, жеміс-жидек пен қияр-қызанақтың бағасы реттелмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балық, жеміс-жидек пен қияр-қызанақтың бағасы реттелмек Фото:depositphotos.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтілмек. Бұл туралы сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтілмек. Бұл туралы сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарашаның үшінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қазан айында азық-түлік инфляциясына ең жоғары үлес қосқан өнімдер қатарында қызанақ (15,8%), тартылған ет (3%), сүйексіз сиыр еті (2,2%), сүйекті жылқы еті (1,5%), қияр (7,4%), балық (2,6%), банан (2,8%) және басқа да өнімдер бар. Сонымен бірге, жылдық көрсеткіш бойынша (өткен жылғы 10 аймен салыстырғанда) қызанақ 36,6%, қияр 43,4% арзандаған.

"Барлық өңірдің азық-түлік инфляциясына қатысты талдауы нәтижесінде баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталды. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Бұл өнімдердің арасында импорт үлесі жоғары тауарлар да, көбіне айлық инфляцияға әсер етіп, жылдық инфляцияға айтарлықтай ықпал етпейтін позициялар да кездеседі. Осы тізімнің ішінен әлеуетті түрде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді. Ендігі міндет – бұл ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылау", - деді Айжан Бижанова.

Тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау.

Бұл шаралар ең сұранысқа ие азық-түлік тауарларының айналымында ашықтықты арттыруға және делдалдық схемалардың соңғы бағаға ықпалын төмендетуге бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен және "Атамекен" ҰКП-мен әрбір ұсынылған позицияны жеке талқылауды, сондай-ақ импорт құрылымына қосымша талдау жүргізуді тапсырды. Тиісті консультациялар толық аяқталғаннан кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети