Қазақстанда бірден екі мереке пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бірден екі мереке пайда болуы мүмкін pixabay.com

Қазақстанда Аналар күні және Әкелер күні бекітілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Аналар күні және Әкелер күні бекітілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында заң жобасы жарияланды, оған сәйкес, Қазақстанда екі жаңа күн бекітілуі мүмкін. Мереке күндерінің тізбесіне өзгерістерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті дайындаған.

Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде атап өту ұсынылған. Бұл ұсынысты осы жылдың 5 сәуіріне дейін талқылауға болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс айтылған болатын. Ол 2 ақпанда тойланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети