Қазақстанда кейінгі бір апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы арзандағаны тіркелді. Нақты көрсеткіштерді Ұлттық статистика бюросы есептеп шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бағасы әлде қайда арзандаған өнім – қияр. Талдаушылардың дерегінше, кейінгі жеті күнде ол 2,5 пайыз түскен. Сонымен қатар, балық, алма, тартылған ет (фарш), қарақұмық жармасы, сүйексіз сиыр еті, ірімшік және жұмыртқа да арзандады.
Ұлттық статистика бюросында бұл тауарлардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретінін атап өтті. Дегенмен осы тізімдегі кейбір басқа өнімдер, керісінше, қымбаттаған. Мәселен, сәбіз, орамжапырақ және картоп, тауық еті (тұтас ұша) бағасы өскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!