Қазақстанда бірқатар тасжол қайта ашылды: тізім қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бірқатар тасжол қайта ашылды: тізім қандай? Фото:depositphotos.com

16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бұрын жабылған республикалық маңызы бар автожолдарда жол ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бұрын жабылған республикалық маңызы бар автожолдарда жол ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қай жолдар ашылды?

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, сағат 05:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Көкшетау - Петропавл - Ресей шекарасы автожолының 18–232 шақырым аралығы (Астана - Щучинск) бойынша барлық көлік түріне қозғалыс ашылды.

Сейсенбіде 08:00-ден бастап мына учаскелерде қозғалыс қайта ашылды:

  • Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолы, 8–218 шақырым (Тобыл - Октябрьское);
  • Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы, 683–729 шақырым (Сарыкөл - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
  • Солтүстік Қазақстан облысында көліктер Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай трассасының 729–768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы) еркін жүре алады.

Ақтөбе облысында қозғалыс ашылған учаскелер:

  • Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 776–1240 шақырым ("ЭКО ОЙЛ" ЖҚС - Қызылорда облысының шекарасы);
  • Ақтөбе - Ресей шекарасы жолы, 39–136 шақырым (Ш.Қалдаяқов кенті - Әлімбет).

Қызылорда облысында қозғалыс шектеулері алынды:

  • Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 1240–1474 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы - Әйтеке би кенті).

Павлодар облысында барлық бағытта барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық.

Қарағанды облысында ашылған жолдар:

  • Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті, 1067–1135 шақырым (Молодёжный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін);
  • Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара, 231–324 шақырым (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара кенті учаскесі).

Абай облысында қозғалыс ашылды:

  • ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы жолы, 587–733+1 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейін).

Ақмола облысында қозғалыс ашылды:

  • Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 445–595 шақырым (Державинск - СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынды:

Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–671 шақырым (Ақмола облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы).

Жабық трассалар

16 желтоқсанда 09:45-те Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрі үшін Астана - Көкшетау - Петропавл автожолының 18–232 шақырым аралығында (Астана - Щучинск) қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жолдың ашылу уақыты болжам бойынша - 17 желтоқсан сағат 08:00.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети