Қазақстанда жаңа ведомствоаралық топ құрылды: ол немен айналысады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ведомствоаралық топ құрылды: ол немен айналысады? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс тобының мақсаты мен міндеттері

Ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жәрдемдесу үшін құрылды.

Топтың негізгі міндеттері:

  • кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  • осы бағыттағы ұлттық жүйені жетілдіру;
  • халықаралық ынтымақтастықты күшейту;
  • Қазақстанның халықаралық-құқықтық міндеттемелерін ұлттық мүдделерді ескере отырып орындауды қамтамасыз ету;
  • Президент тапсырмасына сай өзге де міндеттерді атқару.

Топтың функциялары мен өкілеттіктері

Жұмыс тобы мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеумен, ведомствоаралық ұстанымдарды келісумен, бұл саладағы саясаттың іске асырылуын қараумен, сарапшыларды тартумен және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты шараларды дайындаумен айналысады. Сондай-ақ, топтың мемлекеттік органдардан қажет материалдарды сұратуға және өзіне жүктелген өкілеттік шеңберінде шешім қабылдауға құқығы бар.

Жұмысты ұйымдастыру тәртібі

Жұмыс тобының жұмыс органы ретінде Қаржы мониторингі агенттігі белгіленген. Ол отырыстарды ұйымдастыруды, жұмыс жоспарын әзірлеуді және топ мүшелеріне қажет материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Отырыстар кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және бейнеконференция форматында да ұйымдастырылуы мүмкін.

Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші саналады. Отырыстан кейін қабылданған шешімдер мемлекеттік органдарға жолданады, ал олар жұмыс органын орындалу нәтижелері туралы хабардар етеді.

Жұмыс тобының құрамы

Ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі болып Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалды. Жетекшінің орынбасары - Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы, хатшысы - агенттіктің қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс жөніндегі департаментінің басшысы. Топ құрамында Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Әділет министрлігінің өкілдері бар.

Өкімнің орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети