Қазақстанда кедендік операцияларды мониторингтен өткізу жүйесі өзгереді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: gov.kz Сурет: gov.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін жақсарту үшін бас диспетчерлік басқарма пайда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін жақсарту үшін бас диспетчерлік басқарма пайда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір жұмыс істеп тұрған орталық пен электронды декларациялау орталығы бас диспетчерлік басқармаға біріктіріледі.

"Онда инспекциялық-тексеру кешендерінің рентген суреттерін бірден талдай алатын жасанды интеллект қолданыла отырып, кедендік операцияларға біріктірілген мониторинг жүзеге асырылады", - деді Қаржы министрлігінің басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Жамаубаев көптеген кеден бекетінің ескіргенін және қазіргі заманауи стандарттарға сәйкес келмейтінін айтты.

"Осыған байланысты тоғыз автомобиль және бір теміржол өткізу пунктін жаңғырту, техникалық жарақтандыру және мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасын құру басталды. Қазір заманауи екі өткізу пункті бар. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" - бірінші өткізу пункті. "Б.Қонысбаев" екінші өткізу пункті Өзбекстанмен шекарада орналасқан.

Өткізу пункттерін кесіп өту кезінде электронды кезек жүйесін енгізу арқылы бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Тасымалдаушылар шекарадан өту уақытын алдын ала белгілеп, уәделі уақытта келеді. Бұл жүк ағынын арттыруға және  тар жолдың әсерін жоюға мүмкіндік береді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro