Қазақстанда магистратураға құжат қабылдау басталды: Не білу керек?

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда магистратураға құжат қабылдау басталды: Не білу керек? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат қабылдау 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды комиссиялар арқылы жүргізіледі.

"Кешенді тестілеуге шамамен 49 мың адам қатысты. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша шекті балды түлектердің 50 пайызы, бейіндік бағыт бойынша – 21 пайызы жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады", – делінген хабарламада.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурс негізінде тағайындалады. Құжаттар 12–18 тамыз аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болса).

Өтініш бергенде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобы мен үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети