14 қаңтар 2023 11:00

Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда сағат 11.00-де Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда сағат 11.00-де Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілген.

Алматыдан төрт үміткер, алты облыстан - Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарынан - екіден, қалған облыстар мен Шымкент пен Астана қалаларынан - үш үміткерден тіркелді.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттардың депутаттарын Қазақстан азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Республика бойынша сайлаушылар тізіміне 3168 мәслихат депутаты енгізілді. Олардың айтарлықтай бөлігі Түркістан облысында - 317 және Қостанай облысында - 263.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети