Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің фото үлгісі көрсетілді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің фото үлгісі көрсетілді Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы облысында Қазақстандағы атом электр станциясының (АЭС) құрылыс жобасы бойынша жұмыстарды бастауға арналған салтанатты рәсімге дайындық жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Қазақстандағы атом электр станциясының (АЭС) құрылыс жобасы бойынша жұмыстарды бастауға арналған салтанатты рәсімге дайындық жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АЭС құрылысы Үлкен ауылының маңында басталады. Іс-шара алдында журналистерге осындай үлгідегі станцияның макеті көрсетілді.

Салтанатты рәсім барысында ресми сөздер мен жұмыстардың символдық басталуы өтеді: бұрғылау қондырғылары топырақтың алғашқы үлгілерін алады.

Бұл үлгілер салынған капсула зерттеу жүргізу үшін Ресей тарапына табысталады. Бұған дейін Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы шамамен 7 жылға созылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Қазақстандағы АЭС құрылысы

2025 жылдың ақпанында Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді – Алматы облысының Жамбыл ауданы. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында АЭС салынатын ықтимал орындардың бірі ретінде аталған Үлкен ауылы орналасқан. Қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуді тапсырды. Ол болашақ АЭС-терді салуға ең қолайлы орындарды таңдау үшін нақты көзқарас пен жан-жақты талдау қажеттігін, сондай-ақ заманауи әрі қауіпсіз технологияларды қолдану маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандағы алғашқы АЭС: Премьер тапсырма берді

Мемлекет басшысы сондай-ақ Үкімет пен Парламенттен екінші атом станциясын салу орны бойынша ұсыныстар күтетінін айтты. Сол уақытта Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-ті біріншімен қатар салу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Жақында Премьер-министр Роман Скляр екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети