Қазақстанда самокат мінушілерге айыппұл салынады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда самокат мінушілерге айыппұл салынады Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда арнайы заң қабылданғаннан кейін самокат мінушілерге айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда арнайы заң қабылданғаннан кейін самокат мінушілерге айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, полицейлер электрсамокат жүргізушілерінің жылдамдықты асыруын тек жаңа нормалар қабылданғаннан кейін ғана тіркей алады.

"Бізде бұған қажетті барлық құралдар бар. Бірақ тіркеуге кіріспес бұрын тиісті заңдар қажет. Қазіргі таңда біз әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктердің қалай болатынын талдап, заң қабылдайық деп жатырмыз", – деді Сәденов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда веложолақтардың ұзындығы небәрі 500 шақырымды құрайды, ал инфрақұрылымның жетіспеуі басты мәселе.

Еске сала кетсек, 2022 жылдан бастап самокаттар ресми түрде көлік құралы ретінде танылған, ал олардың тротуардағы жылдамдығы 6 км/сағ деңгейінде шектелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети