Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтап табыс тапқандар әшкере болды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтап табыс тапқандар әшкере болды Polisia.kz

Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisisa.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisisa.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер интернет ресурстарды ұдайы пайдаланып, жыныстық сипаттағы заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда тапқан. Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бергі қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады.

"Тінту барысында ақша, банк карталары, көліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, бұл қылмыстар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети