Қазақстанда “Спирт королі“ Сұлтан Махмадов ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда “Спирт королі“ Сұлтан Махмадов ұсталды Ашық дереккөз

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен "БМ" ЖШС мен онымен байланысы бар өзге де компаниялар басшылығына қатысты қылмыстық топ құрып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен "БМ" ЖШС мен онымен байланысы бар өзге де компаниялар басшылығына қатысты қылмыстық топ құрып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу дерегіне сай, Махмадов Сұлтанның басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ міндетті лицензиясыз Жамбыл облысы аумағында акцизделетін өнім – этил спиртін жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметін жүргізген.

Айта кетейік, Махмадов 2010 жылы дәл осындай қылмыс үшін сотталған.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында күдіктілер өз жұмысын биоэтанол мен мал азығына арналған қоспаларды заңды түрде өндіру ретінде көрсеткен.

Алайда іс жүзінде серіктестік аумағында өнеркәсіптік көлемде этил спиртін өндіруге толық жабдықталған жасырын спирт зауыты ұйымдастырылған.

Ұйымдастырушылар бірнеше өңірді қамтитын өткізу желісін құрған. Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасы жолға қойылып, ол Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жөнелтіліп отырған. Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді.

Сонымен қатар, өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды.

Қазір тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети