Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды Фото:elements.envato.com

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді. Ведомствоның мәліметінше, енді студенттер тек 23 мамандық бойынша сырттай оқи алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді. Ведомствоның мәліметінше, енді студенттер тек 23 мамандық бойынша сырттай оқи алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, енді колледж студенттері мына мамандықтар бойынша сырттай оқи алмайды: 

- "Радиоэлектронды көлік құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (көлік түрі бойынша)", "Техник-электроник" біліктілігі, "Техник-технолог біліктілігі бойынша "Пайдалы қазбаларды өңдеу (көмір дайындау)", "Техник-құрылысшы" біліктілігі бойынша "Қалалық коммуникацияларды салу және пайдалану", "Тазалау құрылыстарының технолог-технологы біліктілігі бойынша, "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тазарту құрылыстарын пайдалану".

Білім министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісовтың айтуынша, бүгінде қазақстандық колледждерде кадрларды даярлау кезінде дуальды оқыту нысаны белсенді дамып келеді. 

"Біз сырттай формадан алыстап бара жатырмыз және мұндай шешімнің себебі түлектердің бітіргеннен кейін алатын білімі мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы болды. Біз мұны кезең-кезеңімен жасаймыз және болашақта жұмыс жалғасады. Дуальды оқыту кезінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың кемінде 60 пайызы көзделетінін, сол арқылы оқу уақытының жартысынан астамы білім алушылар өндірісте болатынын атап өтемін. Бұл тәсіл болашақ түлектердің білімі мен дағдыларының сапасын арттырады, бұл өз кезегінде оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді", - деді Жүнісов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети