Ұлттық статистика бюросы шілде айындағы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрғын үй сатып алуда ең қымбат және қолжетімді қалалар
Бастапқы нарықта маусым айында шаршы метрі ең қымбат тұрғын үй Алматыда (647 728 теңге), Астанада (595 539 теңге) және Атырауда (512 205 теңге) тіркелді.
Ең арзан шаршы метр бағасы Өскеменде (286 288 теңге), Ақтөбеде (309 593 теңге) және Қөкшетауда (331 988 теңге).
Екінші нарықта ең қымбат пәтерлер Алматыда (688 578 теңге), Астанада (652 479 теңге) және Атырауда (485 531 теңге) сатылды.
Қолжетімді тұрғын үй Қызылорда (313 592 теңге), Ақтау (334 492 теңге) және Қокшетауда (335 654 теңге) табуға болады.
Жалдау бағалары: көшбасшылар мен артта қалғандар
Алматыда жалға алу ең қымбат – шаршы метріне 5 299 теңге. Астанада және Қарағандыда жалдау бағасы тиісінше 5 017 және 4 420 теңге.
Ең қолжетімді бағалар Таразда (2 277 теңге), Түркістанда (2 454 теңге) және Қызылордада (2 799 теңге).
Тұрғын үй бағасының өзгерістері
Жылдық тұрғын үй бағасының өсуі
2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы шілдеге дейін елде тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті:
- Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы орташа есеппен 7,3%-ға артты;
- Бастапқы нарықтағы тұрғын үй 9,6%-ға қымбаттады;
- Жақсы жағдайдағы тұрғын үйді жалға алу бағасы 8,2%-ға өсті.
Бастапқы нарықта жыл бойы ең көп баға өскен қалалар:
- Павлодар – +25,8%;
- Алматы – +15,3%;
- Шымкент – +14,9%.
Екінші нарықта жылдық бағасы ең көп өскен қалалар:
- Ақтөбе – +19%;
- Павлодар – +15,8%;
- Алматы – +14,4%.
Сонымен қатар, жыл ішінде Өскеменде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 1,4%-ға төмендегені байқалды.
Жалдау бағасының жылдық өсуінде көшбасшы қалалар:
- Ақтөбе – +32,6%;
- Семей – +23,2%;
- Көкшетау – +21,6%.
Айлық тұрғын үй бағасының өзгерісі
2025 жылғы шілде айында қайта сату нарығындағы пәтерлердің бағасы 0,9%-ға өсті. Жаңа тұрғын үй бағасы 0,2%-ға көтерілді. Жақсы жағдайдағы тұрғын үйді жалға алу ай сайын 0,8%-ға қымбаттады.
Бастапқы нарықта ай сайынғы ең үлкен баға өсімі байқалған қалалар:
- Ақтөбе – +2,8%;
- Қызылорда – +2,4%;
- Астана – +0,3%.
Қалған қалаларда жаңа тұрғын үй бағасы шілде айында өзгермеген.
Екінші нарықта ай бойы тұрғын үй бағасы ең көп қымбаттаған қалалар:
- Талдықорған – +5,7%;
- Түркістан – +5,6%.
Сонымен қатар, ай ішінде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы Шымкентте 2,4%, Қызылордада 2,2%, Ақтауда 0,4% төмендеді.
Жалдау бағасының айлық өсуінде көшбасшы қалалар:
- Ақтөбе – +6,9%;
- Ақтау – +3,6%;
- Қызылорда – +2%.
Ай ішінде жалдау бағасының төмендеуі байқалмаған.
Естеріңізге салайық, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап құрылыс компаниялары 16%-дық ҚҚС төлейтінін хабарлады.
Бұған дейін үкімет тұрғын үй бағасының ҚҚС ставкасының өзгеруінен кейін қымбаттай ма деген сұраққа болжам жасаған еді. Оның айтуынша, баға тек нарыққа сәйкес қалыптасады және қазіргі уақытта ұлттық валютаның курсындағы күрт ауытқуға алып келетін факторлар жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!