Қазақстанда зейнетақы төлемдерін ЖТС-тен босату қашан қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін ЖТС-тен босату қашан қаралады Фото:depositphotos.com

Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан (ЖТС) босату мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан (ЖТС) босату мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство қазіргі уақытта елдің Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынатын зейнетақы төлемдері табыс көзі ретінде жеке табыс салығымен (ЖТС) салық салынатын кіріске жататынын еске салды.

"Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде салықтық шегерімдер мен жеңілдіктерді ескере отырып, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу барысында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін ЖТС-тан босату ұсынылып отыр. Алайда жаңа Салық кодексінің қабылдануы 2026 жылға шегерілді", – деп хабарлады министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, бұл түзетулер күшіне енгенге дейін зейнетақы жинақтарынан төлемдер жасау кезінде ЖТС ұстау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетіні атап өтілді.

"Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында. Бұл құжат бойынша талқылаулар жүргізіліп жатыр, оған мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысады. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер тиісті заңдар күшіне енгеннен кейін пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылады", – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі.

Бұған дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алған жағдайда төлеуі тиіс жеке табыс салығынан босатылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети