Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары Airbus ұшақтарының бағдарламалық қамтылымын 29 қарашада кешке дейін толық жаңартады. Қазір екі әуе компаниясының 18 ұшағында EASA шұғыл директивасына сәйкес жаңарту жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары Airbus ұшақтарының бағдарламалық қамтылымын 29 қарашада кешке дейін толық жаңартады. Қазір екі әуе компаниясының 18 ұшағында EASA шұғыл директивасына сәйкес жаңарту жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Мәселе қай ұшақтарға қатысты болмақ?

Комитеттің мәліметінше, Air Astana және FlyArystan паркінде 38 Airbus ұшағы бар. Оның ішінде 5 ұшақты жаңартудың қажеті жоқ.

Қалғандары:

  • 3 ұшақ – Ақтауда,
  • 4 ұшақ – Астанада,
  • 6 ұшақ – Алматыда жаңартылады.

Жоспарлы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан ұшақтарға бұл жаңарту сол қызмет аяқталғанша жасалады.

Әуежайлар қалай жұмыс істеп жатыр?

Азаматтық авиация комитеті Астана мен Алматы әуежайлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, рейстер кесте бойынша орындалып жатқанын мәлімдеді.

Жолаушыларға өз рейстерін алдын ала әуе компанияларының сайттарында тексеру ұсынылады.

Бағдарлама неге шұғыл жаңартылып жатыр?

28 қарашада Airbus компаниясы барлық әуекомпанияға биікке жауапты рульді басқаратын бағдарламаны шұғыл түрде жаңартуды міндеттеді. Бұл жаңарту әр ұшақ келесі рейске ұшпай тұрып жасалуы керек. Сол себепті Air Astana мен FlyArystan компанияларындағы Airbus ұшақтарының рейстері кешіктірілді.

Мәселе неден басталды?

Бұл директива Airbus A320 ұшағымен болған оқиғадан кейін шығарылған. Автопилот қосулы кезде биікті басқару жүйесі қысқа уақытқа істен шығып, ұшақ тосын жерден төмендей бастаған.

Тексеру барысында күн сәулесінің әсері ұшақты басқару жүйесіндегі маңызды деректерді зақымдауы мүмкін екені анықталған. Жалпы бұл мәселе әлем бойынша шамамен 6 мың A320 лайнеріне қатысты болып отыр.

Air Astana мен FlyArystan әуе паркіндегі ұшақтардың басым бөлігі – Airbus A320.

Бұл жолаушыларға қалай әсер етті?

Сол себепті 28-інен 29-ына қараған түнде көп жолаушы рейске отырғызылмаған, ұшаққа кіріп қойғандарды да кейін түсірілген. Олар бұл туралы әлеуметтік желілерде жазды.

Осы жағдайға байланысты Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде жолаушыларға көмектесу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін кол-орталық іске қосқанын хабарлады. Сонымен қатар, ААК бағдарламалық қамтылымды жаңарту жедел жүріп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети