Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының басталу мерзімі белгілі болды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының басталу мерзімі белгілі болды Фото:depositphotos.com

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша жұмыстардың басталуына арналған салтанатты шараға журналистерді шақырған баспасөз анонсын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша жұмыстардың басталуына арналған салтанатты шараға журналистерді шақырған баспасөз анонсын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шара 8 тамызда Алматы облысының Үлкен ауылында өтеді. Айта кетейік, бұл – ресми мәлімдеме емес, дегенмен күн өзгермесе, биылғы 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталады деуге негіз бар.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, салтанатты шара барысында жер сынамаларын алу үшін бұрғылау жұмыстары басталып, ресейлік тарапқа зерттеуге арналған капсула табысталмақ.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елімізде алғашқы АЭС құрылысы шамамен 7 жылға созылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Қазақстанда АЭС құрылысы

2025 жылғы ақпанда Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді – бұл Алматы облысының Жамбыл ауданы. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жамбыл ауданында орналасқан Үлкен ауылы АЭС салынады деп болжанған орындардың бірі ретінде бұрыннан аталып келген. 2024 жылғы қыркүйекте Tengrinews.kz тілшілері ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қасындағы АЭС құрылысына деген көзқарасын білген болатын.

2024 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, атом саласының ұзақ мерзімді даму жоспарын әзірлеуді тапсырған. Ол АЭС салынатын орындарды таңдауда нақты көзқарас пен жан-жақты сараптама керектігін атап өтті. Сондай-ақ заманауи әрі қауіпсіз технологияларды қолдану маңызды екенін ескерткен.

Қазақстандағы алғашқы АЭС: Премьер тапсырма берді

Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттен екінші атом электр станциясы салынатын орынды ұсынуды күтетінін айтқан. Ол кезде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-ті біріншісімен қатар салу мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Жуырда Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети