Қазақстандағы математика мектептерінің рейтингі



Қазақстандағы математика мектептерінің рейтингі



Қазақстандағы математика мектептерінің рейтингі
Қазақстанның физика-математика мектептері рейтингінің көшін астаналық «Білім-Инновация» мектебі бастады. Мектептердің рейтингі Kaspi.kz арнайы жобасының аясында жасалды. Заманауи әлемді технологиясыз елестету мүмкін емес. Ұялы қосымшадан бастап ғарыш станциясын басқаруға дейін – математикалық есептердің негізінде жасалады. Математикада қазіргі инженерлік процесстердің бәрі - бағдарламалау, мәліметтерді сақтау мен сараптау, автоматтандыру мен роботтандыру бар. Қазір олардың барлығы кез-келген салада - өнеркәсіп, қаржы, медицина болсын цифрландыруда сұранысқа ие. Жақсы математикалық білім алған жастарды жетекші технологиялық компаниялар іздеп жүреді. Математиканы жақсы көргендер ең ақылды адамға айналып, әлемді жақсы жаққа өзгерте алады. Kaspi.kz құрастырған рейтинг сізге еліміздің кез-келген аумағында жақсы мектепті табуға көмектеседі.
Рейтингті қалай қолдану керек? Ашу үшін басыңыз.
Қалалар, мектептер мен рейтинг мәзіріне басу арқылы сіз қай мектептің оқушылары салалық олимпиадаларда жиі жеңіске жетеді, ҰБТ бойынша, оның ішінде математика бойынша орташа баллы қандай екенін біле аласыз. Карта мен кесте – интерактивті және мәліметтерді жүктеп алуға бірнеше секунд жеткілікті.
Рейтинг 2017-2018 жылдардың нәтижесі бойынша жасалған, 2016 жылға дейінгі нәтижені мына жерден көруге болады.

Тізімге оқушылары екі жыл көлемінде елдегі жалпы білім беру мекемелері арасындағы математикалық олимпиадаларда жүлделі орынды көбірек алған 34 мектеп кірді. Олардың қатарында «Білім-Инновация» (бұрын қазақ-түрік лицейлері) мектептерінің 11 мектебі, жеті Назарбаев интеллектуалды мектебі мен Жәутіков атындағы физика-математика мектептерінің (Алматы мен Нұр-СҰлтан қалаларындағы) екеуі де кірді. Сонымен қатар 34 мектептің 27-і 2017-2018 жылдардағы ҰБТ қорытындысы бойынша таңдалды. Сондықтан жалпы рейтингке кірген жеті Назарбаев интеллектуалды мектебі олимпиадалар негізінде жеке сарапталды. Бұл зерттеудің нәтижесін рейтингтің жоғарғы бөлігіндегі жеке беттен көруге болады.
Біз қалай есептедік?
Рейтингтегі мектептің орнын анықтау кезінде үш өлшем есепке алынды: олимпиадалардағы медаль саны, ҰБТ-дағы орташа балл, ҰТБ-дағы математика бойынша орташа балл.
Олимпиадалар
Әрбір алтын медаль үшін мектепке 10 балл, күміс үшін жеті, қола үшін бес, алғыс хат үшін – үш балл берілді.
ҰБТ нәтижесі
ҰБТ-да 121-ден 125-ке дейін балл жинаған мектептерге қосымша 10 балл, 116-120 жинағандарға тоғыз балл, 111-115 жинағандарға – сегіз балл реттімен қосылды.
ҰБТ-дағы математика нәтижесі
Математикадан екі жылда максималды 20 балл жинаған мектептер 12-18 балл алды. Бұлардың нәтижесі бойынша 10-нан 1-ге дейін балл берілді.
Алынған нәтижелердің жалпы жиынтығы есептелді
Бірнеше мектептің қортынды балы сәйкес болған жағдайда рейтингтегі жоғары орынға олимпиада кезінде дәрежесі жоғары наградаға ие болған мектеп орналасты. Бұл көрсеткіш те бірдей болған жағдайда үздік орын ҰБТ-дағы математикадан жоғары балл иеленген мектепке берілді.
Пайдаланған дереккөздер:
1. «Математикалық олимпиадалардағы Қазақстан» сайтындағы ашық деректер
2. «Ұлттық тест орталығы» РМҚК ресми сұранысқа жауап ретінде ұсынған ҰБТ қортындылары
Түрлі елдерде күнделікті тұрмыс-тіршілікті жаңа технологиялардың көмегімен өзгертетін компаниялар бар. Оларды бәрі біледі — Google, Amazone, Яндекс. Қазақстанда бұл Kaspi.kz. Kaspi.kz сервистері қарапайым, ыңғайлы. Бір минутта атаулы карта ашып, секунд ішінде смартфон арқылы кез-келген банктің клиентіне ақша аударуға болады. Үйден ақшасыз шығып, тіпті төлем картасын ұмытып кетсеңіз де Kaspi QR арқылы Kaspi-банкоматтан ақша алып немесе дүкенде қалаған затыңызды онлайн төлеп сатып алуға болады.

Kaspi-банкоматтар клиенттерді бет-әлпетінен таниды және атын атап амандасады. Бұл тек құрмет көрсету емес, клиент қаражатының сенімді қорғалғанын білдіреді. Мұндай банкоматты алдай алмайсың, ол нағыз бет-әлпетке ұқсатып басып шығарылған портретті де, тіпті 3D-бетпердені де ажырата алады.

Мобильді телефоныңыз арқылы банкке немесе дүкенге кірместен кредитке зат сатып алуға болады. Шешім көлемді ақпараттарды сараптау негізінде автоматты түрде бір минутта қабылданады. Қарапайым және жеңіл клиенттік сервистердің артында ауқымды және қызық жұмыс тұр. Мұндай ерекше қызметтерді «тұңғыштар» ғана жасайды. Kaspi әрқашан шығармашылық ойлау қабілеті математикалық сараптау, логика мен математикалық үлгілеу және басқа да ғылымдардың базалық негіздерімен жақсы үйлескен адамдарды іздейді. Мұндай жастар – қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірнеше жылдан бері Kaspi Lab жобасы жүзеге асуда. Жастар Big Data-мен жұмыс істеуді үйреніп, машиналды оқудың практикалық негізін меңгереді, қазіргі бизнес тап болған нағыз кейстерді шешеді. Kaspi Lab -2020 ақпан айында іске қосылады және Data Science саласында кадрлық резервті қалыптастыруға басымдылық береді. Kaspi.kz-те жақсы оқушылардың жақсы студдент болатынын біледі. Сондықтан мұнда Қазақстандағы математикалық білімнің дамуына қызығушылық бар. Kaspi.kz қазақстанның болашағына сенеді және қазақстандықтардың әлемді өзгерткенін қалайды. Сондықтан Kaspi.kz екінші рет Математика мектептерінің рейтингін жасады. Үздік мектептерді таңдаңыз, ең мықты білімді игеріңіз және цифрлы Қазақстанды бірге қалыптастырайық!

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети