Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Петропавлда су басқан қалған 29 аула аумақтарын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулігіне 153 320 текше метр су сорылды. Облыстағы су тасқыны жағдайының тұрақталуына байланысты Алматы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарынан қосымша тартылған құтқарушылар күн ішінде Атырау облысы бойынша 66 770 текше метр су басқан аумақтардан су сорылды, 10 200 қап төселді. Атырау қаласы мен Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, қосымша жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір тәулікте 2900 қап пен 1570 тонна инертті материалдар төселді.
"Кейінгі алты күнде Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері Қызылжардың Тепличное, Олшанка, Соколовка, Вишневка, Бескөл, Прибрежное ауылдарында су төгілген үйлер мен аумақтарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының ауданында 307 үй, Атырау облысының Құлсары қаласында 165 мың шаршы метр аумақтар залалсыздандырылды", - делінген хабарламада.
Республика бойынша 61 348 эвакуацияланған адам үйлеріне оралды; 5 460 адам уақытша орналастыру орталықтарында қалды. 11 319 жеке тұрғын үйлер мен 3 593 аула аумақтарынан 22,4 миллион текше метр еріген су бұрылып, сорылды. 7,9 миллионнан астам қап пен 1,5 миллион тонна инертті материалдар төселді.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 6086 адам мен 945 техника, 344 су айдау техникасы мен 63 су көлігі, 7 ұшақ жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!