Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазды атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазды атанды facebook.com/Асхат Оралов

Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық биші Әмір Закиров АҚШ пен Жапониядан қатысқан қарсыластарынан жеңіп шықты.

Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы жігіт, 81-і қыз.

"Осы ретте Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сонымен бірге біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі жапониялық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сонымен бірге чемпионымызға қарқынын үдетпей, 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін", - деп жазды Асхат Оралов.

Айта кетейік, брейк-данс - 2024 жылғы Олимпиададағы ресми дисциплинаның бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети