Қазақстандық әскери қызметшілер Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әскери қызметшілер Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті Египеттегі Сұлтан Бейбарыс мешіті. Фото: Қазақстан Сенатының баспасөз қызметі.

Голан жоталарында бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер Сирияда Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голан жоталарында бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер Сирияда Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ сілтеме жасап.

Бітімгерлер ұлы қолбасшының кесенесіне барып, тарихи мұраны сақтау мақсатында кесене аумағын ретке келтірді.

Сұлтан Бейбарыс – Египет пен Сирияны басқарған мәмлүк сұлтаны, ол тақта 17 жыл (1223–1277) отырған. Ол Египетті қуатты державаға айналдыру үшін көп еңбек сіңірді. Палестина мен Сирияда Иранның моңғол ильхандары мен еуропалық крестоносшыларға қарсы соғыстарда жеңіске жеткен қолбасшы ретінде танымал.

Тарихшылардың кең тараған нұсқасына сәйкес, Бейбарыс – түркі тектес, қазіргі Қазақстан аумағында, Жайық пен Еділ өзендерінің арасында дүниеге келген. Кейбір зерттеушілер оны қыпшақтың бурджоғлы руынан шыққан деп санайды (бұл рудың мүмкін болатын мұрагері ретінде қазақтың беріш руы аталады).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети